Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірімен де есте қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, еліміздің Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз.
Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.
Оған қоса, мереке қарсаңында елімізде Азат пен Еркін есімдері кеңінен таралған екен. Ал Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметінше, Тәуелсіздікпен және өзге мәндес есімдер бар болып шықты.
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда бір Тәуелсіздік бар. Сондай-ақ 21 – Егемен, Азат – 14 065 адам, Еркін – 3913 және Бостандық – 23 адам, - дейді Ұлттық статистика бюросы.