Дәрігер ата-аналарға баланың жағдайын үнемі бақылап, алдын алу шараларын ұсынды.
Баланың ағзасында дәрумен тапшы екенін қалай білуге болады?
Фото: istockphoto
216
оқылды

Балалардың тез шаршауы, оқу үлгерімінің төмендеуі мен жиі суық тиюі ағзаның дәрумендерге зәру екенін көрсететін белгі болуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz Аlmaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ата-ана ең алдымен, баланың мінез-құлқы мен көңіл күйіндегі өзгерістерге назар аударуы тиіс.

«Бұрын белсенді болған оқушының кенеттен сабаққа қызығушылығы төмендеп, тез шаршап, ештеңеге зауқы соқпаса, бұл еріншектік емес, ағзаның әлсіреу белгісі болуы ықтимал», – дейді диетолог дәрігері Анна Басова.

Дәрігердің айтуынша, дәрумен тапшылығын сыртқы белгілерден де байқауға болады:

  • терінің құрғауы, шаш пен тырнақтың сынғыштығы ағзада темірдің аздығынан хабар береді;
  • жиі тұмаурату мен суық тию иммунитеттің әлсірегенін, яғни микроэлементтер жетіспейтінін көрсетеді.

Дәрігер ата-аналарға баланың жағдайын үнемі бақылап, алдын алу шараларын ұсынды. Ол үшін жылына екі рет жалпы қан талдауын тапсырып, педиатр кеңесін алу жеткілікті.

«Дәрумен жетіспеушілігінің басты белгілері – жалқаулық емес, ұзаққа созылған шаршау, оқу мен ойынға қызығушылықтың жоғалуы және сырт келбеттің өзгеруі. Мұндай жағдайда өз бетімен емделмей, маманға жүгінген дұрыс», – дейді дәрігер.