Астанада Қазақстан бокс федерациясы Кубогының жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалға Шымкент пен Астана командалары шықты. Шешуші кездесуде шымкенттік боксшылар 9:6 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қарағанды облысының құрамасы Маңғыстау облысының командасынан басым түсті.
Айта кетейік, жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын бұл жоба өңірлерде боксты дамытуға бағытталған.