Әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Қызым дүниеге келді»: Жахан Отарғалиев қуанышты жаңалығын жеткізді (видео)
162
оқылды

Актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол осыдан алты жыл бұрын кіндік әке атанғанын айтты. Сонымен қатар қызды болуды қатты армандайтынын жасырмады.

"Менің қызым бар. 2020 жылы алғаш арманым орындалды. Медина қызым дүниеге келді. Шынымды айтсам, жастық шақтың буымен жүре беріппін. Медикошым дүниеге келгеннен кейін, маған жауапкершілікті, әкелік махабатты сездірді. Әке болуға деген қалауымды одан сайын ашты. Медикоштан кейін менде қыз болса деген арманым күшейді. Дәл қазір сіздер сәл түсінбей отырған шығарсызда. Медина менің туған інімнің қызы, бірақ тек құжатта ғана. Қазақтың салтымен інім мені Медикоштың кіндік әкесі атады. Атын өзім қойып, тұсауын өзім кестім. Бұл өмірде мен бай, олигарх, атақтыларға қызықпаймын. Қызы бар әкелерге қатты қызығамын. Қызы бар әке нағыз бақытты жан. Шүкір, мен бақытты көкемін. Алла маған «әке» деген сөзді естуді нәсіп етсін", - дейді актер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.