Алматы әкімдігі коронавирус симптомдары пайда болғанда не істеу керегін айтты
Алматы әкімдігі коронавирус симптомдары пайда болғанда не істеу керегін айтты
© Сурет ғаламтордан
5,259
оқылды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тұрғындардың коронавирус инфекциясын жұқтыру симптомдары пайда болғанда не істеу керегі айтылған нұсқаулық хабарлама таратты.
"Клиникалық симптомдар пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ әрі ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру керек немесе өзіне жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақыру абзал. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігердің тағайындаған дәрілерін қабылдау керек. Алдын алу шараларын сақтау үшін: – үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету; – күн сайын үйді жуып, тазалау; – қолды сабынмен жиі жуу; – жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану. Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар: – тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн ) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет – жанұя мүшерінің денсаулығын жіті бақылауда ұстаған дұрыс – ЖРВИ (дене қызуы, тұмау, жөтел) белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыруы тиіс. Сұрақтар бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін колл-центр – 1406 және Open Almaty – 1308 нөмірлеріне хабарласуға болады. Егер аурудың асқынған белгілері анықталған жағдайда жедел түрде 382-33-50 нөмірі бойынша қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне хабарласа аласыздар. Ресми ақпараттарды Алматы қаласы әкімдігі сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат StopcovAlmaty телеграм парақшасынан табасыздар", – делінген хабарламада.