ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай стансасы - Қызылорда облысының шекарасына дейін);
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым арылығы (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін);
Жолды 2025 жылғы 18 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.