Еліміздің оңтүстігінде медициналық маскаларды алып сатқандар ұсталды
Еліміздің оңтүстігінде медициналық маскаларды алып сатқандар ұсталды
© Сурет ғаламтордан
130
оқылды
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде медициналық маскаларды алыпсатарлықтың төрт фактісі анықталды. ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы тәулікте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы мен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменттері ешқандай құжатсыз және Мемлекеттік кіріс органдарында тіркеусіз медициналық маскаларды қымбатқа сатудың 4 фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Департамент қызметкерлері Шымкент және Тараз қалаларында сатылымнан 30 мыңнан астам масканы алынды. Олардың бағасы бір бірлігіне 160-тан 200 теңгеге дейін өзгеріп тұрған. Аталған факт ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша ЭДР СДТБТ-да тіркелген, қазіргі уақытта тергеу-жедел іс – шаралары жүргізілуде,-деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі. Сондай-ақ, ведомствода әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жеке қорғану құралдарының бағаларымен алыпсатарлық үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. Осындай фактілерге тап болған қазақстандықтарға комитеттің 8 (7172) 70-84-78 сенім телефоны арқылы хабарласуды өтінді.