18 желтоқсан күні Жедел басқару қызметінің бейнебақылау камерасы арқылы Атырау қаласындағы Алиев көпірінде белгісіз адамның секірмекші болғанын анықтайды.
Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған адамды құтқарды
Фото: gov.kz
290
оқылды

Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан көпір үстінде 45 жастағы ер адамның секіруге әрекет жасап жатқанын көреді. Оны райынан қайтару мақсатында полицейлер ер адаммен сөйлесе бастаған. 

Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке баруының себебін тексеруде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ