Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.
«Қар жауып, боран соғады»: 20 желтоқсанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
77
оқылды

Қазгидромет 20 желтоқсан, сенбдегі жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер еліміздің барлық аумағына әсер етеді.

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Солтүстікте қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын, жаңбыр мен қар түседі.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.