Наргизам Махмудова: Ассамблея – татулықты түлеткен төр

Қоғамдық келісім мен этнос­ара­лық татулық – Қазақстан тұр­ақ­ты­лығының басты тіректерінің бірі.

Көпұлтты әрі көпкон­фес­сия­лы қоғамда бұл құндылықтарды сақтау мен нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының қатарында. Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы ел ішіндегі бірлік пен өзара түсіністікті қамтамасыз ететін маңызды қоғамдық институт ретінде жұмыс істеп келеді.

Қалалық этносаралық қаты­нас­тың орны мен қоғамдық келі­сімді нығайтудағы рөлі туралы Астана қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Наргизам Мах­мудовадан сұрап білдік. 

– Қазір Астана көпұлтты мега­полиске айналды. Қалада этнос­аралық келісімді сақтау үшін Ас­самблея қандай нақты жоба­ларды жүзеге асырып жатыр? 

– Әртүрлі мәдениет, тіл мен дәстүр тоғысқан қалада этнос­ара­лық келісімді сақтау – тек мем­лекеттік саясаттың емес, қоғам­дық институттардың да бас­ты міндеті. Осы бағытта Аста­на қала­сында Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы жүйелі әрі нақты жоба­лар­ды жүзеге асырып келеді.

Қалалық Ассамблея жұмысы­ның өзегінде алдын алу, диалог және өзара түсіністік қағидаттары тұр. Бұл ұстаным ең алдымен елор­дадағы Достық үйі мен этно­мәдени бірлес­тіктер қызметінен көрініс табады. Астанада ондаған этно­мә­дени орта­лық жұмыс істейді. Олар ұлттық мерекелер, мәдени фести­вальдар, көрмелер мен ашық кездесулер ұйымдас­тырып, қала тұрғындарын түрлі халықтың салт-дәстүрімен таныс­тырады. Мұндай іс-шаралар этнос­тар арасындағы мәдени ал­ша­қтықты азайтып, ортақ құнды­лық­тарды нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, Астанада Қазақ­стан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерей­той­лық жылдың ресми ашылуы өтті. Сал­танатты шара барысында Ас­тана қаласы әкімінің орынба­сары Есет Байкен «Қазақстан халқы Ассам­блея­сына – 30 жыл» ескерт­кіш тақ­тасының ашылу рәсімін Халық Қаһарманы Бақыт­жан Ертаевқа ұсынды.

Астана қалалық Ассамблеясы жа­нынан жұмыс істейтін қоғам­дық қа­былдаулар мен медиация алаң­дары тұрмыстық, әлеуметтік немесе тілдік сипаттағы даулы мәсе­лелерді ушықтырмай, келісім арқылы ше­шу­ге мүмкіндік береді. Бұл механ­изм, әсіресе көпқабатты үйлерде, ең­­бек ұжымдарында және жастар ортасында тиімді нәтиже көрсетіп отыр. 

– Астанадағы жастарды Ассам­блея жұмысына тарту қалай жүзеге асады?

– Астанадағы жастарды Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының жұмысына тарту жүйелі әрі нақты тетіктер арқылы жүзеге асады. Бұл процесс формалды шаралармен шектелмей, жастардың күнделікті әлеуметтік белсенділігіне негіз­дел­ген.

Ең алдымен, елордада Ассам­блея жанынан жұмыс істейтін «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы негізгі алаң саналады. Бұл ұйым арқылы сту­денттер мен жас мамандар волон­терлік жобаларға, қоғамдық келі­сім­ді нығайтуға бағытталған ак­ция­ларға, мәдени-ағартушы­лы­қ іс-шараларға тартылады. Жастар этносаралық татулық, азаматтық бірлік және патриоттық құндылықтар тақырыптарында бастамалар көтеріп, оны өздері жүзеге асырады.

Сонымен қатар Астана қала­сындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде Ассамблеяның қатысуымен дөңгелек үстелдер, пікірталастар, ашық лекциялар ұйым­дастырылады. Мұндай кез­де­сулерде жастар этносаралық келісім, тіл саясаты, ұлттық бірлік мәселелерін еркін талқылап, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алады. 

– Астана медиасында Ассам­блея тақырыбы жеткілікті деңгейде көрініс таба ма? 

– Астана медиакеңістігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы жүйелі түрде көрініс тауып келеді.

Бір жағынан, қалалық және республикалық БАҚ-та Ассам­блеяға қатысты жаңалықтар, ресми іс-шаралар, мерейтойлық даталар мен форумдар тұрақты жарияланады. Әсіресе, мемле­кеттік ақпараттық саясат аясында этносаралық келісім, қоғамдық бірлік тақырыптары жаңалық форматында жиі қамтылады. Бұл тұрғыда Ассамблеяның институ­ционалдық рөлі медиада көрінбей қалды деуге болмайды.

Сонымен қатар Астана медиа­с­ында Ассамблея жұмысы тек рес­ми жаңалық деңгейінде емес, сұхбат, репортаж және арнайы жоба­лар форматында да қамты­лып келеді. Қоғам қайрат­керлері, ғалымдар, Ассамблея мүшелері қатысқан талдамалы материалдар арқылы қоғамдық келісім идеясы тереңірек ашыла­ды. Бұл оқырман­ның тақырыпқа деген қызығушы­лығын арт­тырады.

– Алдағы 5 жылда елорда Ас­сам­­б­леясы қандай бағыттарға басымдық бермек? 

– Алдағы кезеңде Ассамблея жастармен жұмысты күшейтуді көз­дейді. Қаладағы демография­лық құрылым мен урбанизация үде­рісін ескергенде, қоғамдық келісім идеясының жас буынға түсінікті әрі жақын тілде жеткізілуі маңызды. Елорда жағдайында тұрмыстық және әлеуметтік келіс­пеушіліктердің алдын алу – Ас­сам­блея жұмысының маңызды бағыты. Алдағы бес жылда қоғам­дық медиация институтын дамы­ту­ға ерекше мән беріледі. Қалалық деңгейде кеңес беру, қоғамдық қабылдау және татуластыру алаң­дары арқылы дау-жанжалдарды ушықтырмай шешу көзделіп отыр. Бұл этносаралық келісімді сақтауда тиімді әрі заманауи құрал саналады. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Әсет ҚАЛИ