Республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық қозғалысына шектеу енгізіліп, жол жабылды.
Алматы облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
www.istockphoto.com
88
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты "ҚазАвтоЖол"-ға сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 6:30-да Алматы облысында ауа райының нашарлауына, яғни қалың тұман басып, жолдың көрінбеуіне байланысты төмендегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық қозғалысына шектеу енгізіліп, жол жабылды: 

— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автомобиль жолының 25-67-шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Қонаев қаласына дейін);

— «Алматы-Шелек-Қорғас» автомобиль жолының 24-136 шақырым аралығындағы учаскесі (төлемақы алу пунктінен — Шелек ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 11:00-де ашу жоспарланып отыр.