Қазір актер дәрігерлердің бақылауында.
"Инсульт. Дәрігердің бақылауында": Актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесінің жағдайын айтты
парақшасынан алынды
341
оқылды

Актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесінің жағдайын айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Оның айтуынша, қазір әкесі дәрігерлердің бақылауында. 

"Инсульт, Дәрігерлердің бақылауында, Бәрін еңсереміз",   деп жазды ол.

Айтуынша, әкесінің қалы әр кезде әртүрлі.

"Менен жиі «Әкеңіздің жағдайы қалай?» деп сұрайды. Бұған біржақты жауап беру қиын. Жағдай әрқалай: кейде жақсарады, кейде нашарлайды. Дегенмен біз әрдайым позитивті көңіл күйді сақтауға, барлық жағымсыз ойды алыстатуға тырысамыз. Өз парақшамда көбіне жақсы сәттерді ғана көрсетемін: жаттығулар, дайындық, жарыстар, жақындарымның да, өзімнің де жетістіктерім, сондай-ақ күнделікті қарапайым өмір. Біз жақсыны ғана жеткізуге тырысамыз, бірақ көп нәрсе кадр сыртында қалады. Қазір әкем күресін әлі де жалғастырып келеді. Бәрі жақсы болады. Әмин. Бізбен бірге жақсылыққа сенетін баршаңызға рақмет. Бұл біз үшін өте қымбат", деп жазды ол.

Айта кетсек, бұған дейін актердің ауыр дертпен күресіп жатқанын жазған болатынбыз. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dalí/ ФИТНЕС ТРЕНЕР/ХУДОЖНИК/АЛМАТЫ📍 (@jemappelledali)