Тексеру барысында полиция, прокуратура және әкімдік жанындағы дін істері басқармасының қызметкерлері діни қатынастар саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Белгілі болғандай, қаладағы жеке үйлердің бірінде Ақмола облысының 23 жастағы тұрғыны кәмелетке толмағандардың қатысуымен діни сабақтар мен ғұрыптар өткізген.
Сабақтар діни бірлестік мәртебесі жоқ әрі діни қызмет жүргізуге арналмаған қайырымдылық ұйымының ғимаратында өткен.
Осы «қайырымдылық» ұйымының атауын жамылып, тіркеусіз діни оқыту және миссионерлік қызмет жүргізілген, сондай-ақ діни әдебиеттер пайдаланылған.
Бұған дейін сот аталған ұйымды тарату туралы шешім шығарған.
Діни қызмет туралы заңнаманы бұзу дерегі бойынша сот ер адамды екі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Құзырлы органдар діни қызметтің тек заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертеді.