Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов 46 жасында өз-өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның мәйіті 20 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00 шамасында өз үйінен табылған.
«Мәйіті үйінен табылды. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды», – деп хабарлады Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.
Ресми емес ақпараттарға сәйкес, сол күні ол достарымен кездескен. Аудандық әкімдік бұл қайғылы жағдайды растады.

Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың маусым айында тағайындалған.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.