Головкин өзінің мансабында орта салмақта өнер көрсетсе, Уорд екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде чемпион атанған.
Геннадий Головкин туралы тың мәлімет тарады
427
оқылды

Танымал Boxingscene.com бокс порталы бұрынғы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Андре Уордтың рингте жолы түйіспей қалғанына өкініш білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Головкин өзінің мансабында орта салмақта өнер көрсетсе, Уорд екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде чемпион атанған.

«Аяқталмаған бокс текетіресі. Андре Уорд – Геннадий Головкин. Көп жылдық талқылау. Бір-бірімен ешқашан жолықпаған екі "прайм". Шеберлік пен қысымның қақтығысы. Қорғаныс пен қиратушы күштің айқасы. Егер бұл жекпе-жек шынымен өткенде, кім жеңер еді?»,-деп жазды порталдың X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

 

Айта кетейік, кейбір жанкүйерлер Головкинді Уордпен жекпе-жектен қашты деп айыптап жүр. Дегенмен GGG-дің промоутері Том Лёффлер мұндай пікірлерді бірнеше мәрте жоққа шығарған.