Халық әртісі, актер Асанәлі Әшімовтің “Qazaqstan” телеарнасының “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбаты жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өткен жұмада эфирге шыққан бағдарлама актердің соңғы сұхбаты болған. Актер әңгіме барысында өмір туралы ой бөлісті.
“Өмірге өкпем жоқ. Қаншама қиындық болды. Адамның басына келетін дүние болды ғой, сондықтан “Жан бөлек” деген кітап жазып шығардым. “Шығарда жаным бөлек” дейді қазақ. Олармен бірге кете алмайсың, жаның бөлек. Тірі адам тіршілігін жасайды”, – деді ол.
Актер марқұм ұлын есіне алып, көз жасына ерік берді.
“Бір күні ауруханада жатқанымда, таңғы емге баруым керек еді. Ұйықтап қалыппын. Сағат сегізде тұруым керек болатын. Сағидың “Аға!” деген саңқ еткен дауысынан оянып кеттім. Сағатқа қарасам, емге баратын уақыт болыпты. Емделуден кеш қалмасын деп оятқаны ғой. Ұлдарым менің інілерімдей болды, өйткені оларды шешей тәрбиеледі, бала қылды. Мені “Аға” деді, Майраны “Тәте” деді. Мектебіне барып, сабағына қатысып, ондай болмады. Шешей кеткеннен кейін өкінемін ғой. Ең болмаса беттерінен бір рет сүймеппін”, – деді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.