Нұр-Сұлтан қаласындағы ақылы тұрақтар төтенше жағдай кезінде тегін болатын болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен десаулығын қорғау мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» жарлығына сәйкес үстіміздегі жылдың 20 наурызынан 15 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан қаласының ақылы тұрақтары тегін болады", – делінген хабарламада.