Абай облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жоғалған адамдарды тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Түнде Аягөз ауданында ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері және туысының қатысуымен 1985 және 1964 жылы туған ер адамдарды іздеу жұмысы жүргізілді. Олар мал іздеу үшін автокөлікпен шығып, хабарсыз кеткен.
Іздеу тобы жоғалған азаматтарды Аягөз қаласынан 70 шақырым қашықтықта тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.