Кәсіпқой боксшы 27 желтоқсанда Алматыда Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс еді.
Қанат Исламның Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегі кейінге қалдырылды
228
оқылды

41 жастағы танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz 

Оның айтуынша, жекпе-жек кейінге шегерілген. Боксшы бұл туралы жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі аккаунтында хабарлады.

"Құрметті жанкүйерлерім, 27 желтоқсанда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейтін болдым. Қарсыластарымызға және басқа да себептерге байланысты жекпе-жек 1,5 айға кейінге шегерілді. Кездесудің нақты уақытын хабарлаймыз. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет", деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қанат Исламның араға бірнеше жыл салып, рингке қайта оралатыны хабарланған болатын.