Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Асқарбекұлы Досаев «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Дереккөзге сүйенсек, ол бұл қызметке 20 желтоқсанда тағайындалған.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарбекұлы «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда «Самұрық‑Қазына» АҚ Директорлар кеңесінде 8 мүшесі бар, оның 4-уі тәуелсіз директор екені айтылады.