Танымал әнші, әртіс Ақбота-Нұр Абайқызы Жаңа жыл алдында Ақшақар бейнесінде суретке түсіп, желіде қатты талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім барысынан видео жүктеген.
Бұны көрген желі қолданушыларының пікірі әртүрлі болды.
Бірі қолдап жатса, бірі наразылығын білдіріп жатыр.
"Кезінде орамалға келгеніңізде қатты қуанғандардың бірі едім...", "Сұлулықта шек жоқ!", "Әдемі, бірақ киім азайып жатыр ақырын", "азғыратын ақшақар болып бара жатсыз", "ерсі көрінеді", "жиіркенішті, сұлу деген сайын қайда кетіп бара жатыр?" деген пікірлер жазылып жатыр.