Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Орал қаласының тұрғыны өз пәтерінде есірткі зертханасын ұйымдастырғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Белгілі болғандай, күдікті пәтеріндегі бір бөлмені фитозертханаға айналдырып, жарықдиодты шамдар мен тыңайтқыштарды қолданып, құрамында есірткі заты бар қарасора өсімдіктерін заңсыз өсірген.
Санкцияланған тінту кезінде қарасораның 11 түбі мен 7 жас өскіні, сондай-ақ арнайы жабдықтар: шамдар, тыңайтқыштар, темекі шегуге арналған құралдар және кептірілген өсімдік тектес зат салынған пакеттер тәркіленді.
Күдікті өсімдік тұқымдарын интернет-дүкен арқылы сатып алғанын мәлімдеген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.