Оқиғаның нақты мән-жайына қатысты құзырлы органдар тарапынан әзірге ресми ақпарат берілген жоқ.
Алматыда бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
106
оқылды

Алматыда қараша айында жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұм Дүйсебеков Аяз Көшімбекұлы 1991 жылы туған. Ол 25 қараша күні шамамен сағат 12:00-де Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы 210/7 мекенжайындағы үйінен шығып, қайта оралмаған.

Жоғалғаны туралы ақпарат бұған дейін Lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram парақшасында жарияланған болатын.

Ер адамның мәйіті 22 желтоқсан күні табылды. Қазіргі уақытта оның өліміне себеп болған жағдайды сот-медициналық сараптама анықтап жатыр.

Оқиғаның нақты мән-жайына қатысты құзырлы органдар тарапынан әзірге ресми ақпарат берілген жоқ.