Бұл жөнінде Үкімет тиісті қаулыға қол қойды.
Келер жылдан бастап асыраушысынан айырылғандарға берілетін төлем он пайызға өседі
203
оқылды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10%-ға өседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жөнінде Үкімет тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатта былай делінген:

«2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынатын төлем көлемінен 10%-ға арттырылсын».