Жолды 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райы бұзылып, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
120
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 23 желтоқсан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Батыс Қазақстан облысы: 

- «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автомобиль жолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесі (Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін); 

Ақтөбе облысы:

 - «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автомобиль жолының 526-702шақырым аралығындағы учаскесі (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін); 

Жолды 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.