Алматыдағы коронавирус ошақтарының мекенжайы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, қалада барлығы 10 ошақ анықталды. Олардың аумағында екі жеке және сегіз көппәтерлі үй бар:
- Алтай шағынауданы - 1, 8;
- Жасқанат шағынауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34А;
- Зенков, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1.
Еске салайық, бұған дейін эпидемиологиялық тексеріс нәтижесі бойынша, Алматы аумағында COVID-2019 вирусының 10 ошағы анықталған болатын. Үшеуі Алмалы ауданында, үшеуі Медеу, екеуі Түріксіб ауданында орналасқан. Жетісу мен Алатау аудандарында бір-бірден бар екені айтылған.