«Жастар Рухы» өкілдерінің айтуынша, коммуналдық қызметкерлерге арналған «Кел, шәй ішейік» акциясы да тұрақты негізде 10 жылға жуық уақыттан бері ұйымдастырылып келеді. Атаулы акция - жұмысшылар мен волонтерлердің арасындағы сыйластық арттырып, қоғамдағы еңбектің маңызды екенін көрсететін ерекше шара.
Жұмысшы мамандарға құрмет: «Жастар Рухы» белсенділері аймақтардағы азаматтарды ерекше құттықтады
152
оқылды

Жаң жыл қарсаңында мерекемен қатар жұмысшы маман иелерінің қызметі де еселене түсті.  Осындай тығыз жұмыс кестесі арасында «Жастар Рухы» белсенділері аймақтарда азаматтарды ерекше құттықтап, жұмысшы мамандарға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың қатарында күннің суығына қарамастан жұмыс істейтін коммуналдық қызметкерлер, жолаушыларды тасыған автобус жүргізушілері, ғимараттарды 24/7 бақылайтын күзетшілер мен курьерлер бар. Астана қаласындағы Жастар қанатының белсенділері олардың жұмысын елеп-ескеріп, құттықтап, имидждік сыйлықтарын табыстады. 

«Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова тынымсыз еңбектеніп жүрген жандарды осылай ерекше құттықтамақ болған. 

«Жұмысшы мамандардың еңбегін ерекше бағалап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін көрсету үшін кешенді жұмыс ұйымдастырдық. Өңірлерде жұмысшы мамандарға арналған акциялар мен құттықтаулар арқылы олардың ісіне деген адалдығы мен шынайы еңбекқорлығын насихаттағымыз келді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында азаматтардың қажырлы еңбегіне шынайы алғысымызды білдіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік. Әрбір маманның қажырлы еңбегі, күнделікті жұмысы – айырықша маңызға ие»,- деді Ақерке Искандерова.

Осылайша Жастар қанатының бастамасымен бұл игі шара Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында  жалғасын тапты. Сондай-ақ, Алматы мен Шымкент қалаларында жастар автобус жүргізушілері, кондитер және сатушыларды құттықтады.

«Рухтастармен бірге жасап жатқан бүгінгі жылулық пен мейірімге толы акциямыз қолымыздан келетін ең кіші көмектердің бірі болуы мүмкін. Бұл азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, еңбегінің маңыздылығын көрсетеді. Шараға қатысып, нағыз жұмысшы маман иелеріне алғыс білдірудің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын», - дейді акцияға белсене қатысқан қарағандылық рухтас Санжар Ермеков.