Полиция департаменті оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Алматыда жолаушы автобустан құлап, омыртқасын сындырды
313
оқылды

Оқиға 21 желтоқсанда №104 бағыттағы автобуста болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолаушы салоннан толық шығып үлгермей жатып қозғалып кеткен. Соның салдарынан әйел автобустан құлап, омыртқасын сындырған.

 

Полиция департаменті оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта қоғамдық көлік жүргізушісінің және жолаушының әрекеттерін қоса алғанда, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда.