Хабарлама берген оқушылар осылай сабақты үзгісі келген.
Алматылық оқушылар мектепте жарылғыш зат барын айтып, жалған ақпарат таратқан
90
оқылды

№10 мектепте оқитын 3 оқушы білім мекемесіне жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған мәлімет таратқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Хабарлама берген оқушылар осылай сабақты үзгісі келген.  

Құзырлы мекеме жасөспірімдер осы әрекетті саналы түрде жасағанын және теракт туралы мәліметтің жалған екенін анықтады.

Үш оқушының әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Терроризм актісі немесе жарылғыш зат қою туралы кез келген жалған хабар тарату құқық бұзушылыққа жатады. Оны тексеру үшін жедел қызмет жұмылдырылып, сабақ тоқтайды", – делінген хабарламада.