Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында 2025 жылы спорт саласында жоғары нәтиже көрсеткен үздіктерге арналған Namys спорт сыйлығы 14 номинация бойынша табысталды.
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы жылдың үздіктерін салтанатты түрде марапаттады
87
оқылды

Аталған марапат елордалық спорттың негізгі бағыттарын қамтиды. Шараның құрметті қонақтары қатарында Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан болды. 

Спортшылар мен бапкерлер марапатталып, жүлдегерлерге алғысхат пен естелік сыйлық табысталды.