Щучье қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Республикалық турнирге елдің 11 өңірінен 150-ден астам спортшы бақ сынайды.
Қазақстан кубогі басталды
90
оқылды

Жарыс аясында спринт бағдарламасы бойынша үздіктер анықталды. Ерлер арасында алтын медальді Константин Борцов жеңіп алды. Күміс жүлде Сұлтан Базарбековке бұйырса, қола жүлдені Дастан Қалыбеков еншіледі.

Әйелдер арасындағы жарыста Анна Мельник жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орынды Надежда Степашкина иеленді. Ал қола жүлде Дарья Ряжкоға бұйырды.