Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы пікір білдірген композитор Қалдыбек Құрманәлінің видеосын жүктеп, жазба қалдырды.
«Халық әртісі атағы берілгенде күйеуім қуанған жоқ…»: Мақпал Жүнісова шындығын айтты
192
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділов туралы естелік айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында өзі туралы пікір білдірген композитор Қалдыбек Құрманәлінің видеосын жүктеп, жазба қалдырды.

Бейнежазбада композитор Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовқа күйеуге шықпаса да, Халық әртісі атағын алып, байлыққа ие болатынын жеткізген.

“Мақпал Жүнісова – тағдырлы әнші. Ол Заманбек Нұрқаділовқа күйеуге шықпаса да, Халық әртісі болатын еді, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болатын еді. Қайта ол Нұрқаділовқа күйеуге шықпағанда Мақпал Жүнісова ең бай әншілердің бірі болуы мүмкін еді. Оған тұрмысқа шыққаннан кейін көп тойларға бара алмады, көп сахнаға шыға алмады. Мақпалды Нұрқаділовқа тигеннен кейін ғана осындай атақтарды алды дейтін адамдар қателеседі. Мақпал – Алладан әнші боп туған адам, мұндай әнші жоқ. Ол әнді керең еститіндей, соқыр көретіндей, мылқау түсінетіндей етіп айтады. Ол Заманбекке барып, мені алшы деген жоқ қой, ол Мақпалды ұнатып алды. Әлі үлкен дастандар жазылуы мүмкін. Себебі Заманбек те, Мақпал да тарихта қалатын адамдар”, – дейді ол.

Мақпал Жүнісова бұл пікірді қолдады және атақ алғанда күйеуі қуанбағанын жасырмады.

«Қалдыбек, жақсы нүкте қойыпсыз, аузы қышығандар бар, әлі де маған дайрекке жазатын. Бірақ ондайларға жауап беруге де құлқым жоқ. Бір айтарым ғана бар, маған Халық әртісі атағы берілгенде байым қуанған жоқ… Бірақ кейіннен менің әншілігімді мойындадым деп үлкен баға бергеніне мен қатты қуандым», - дейді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.