Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олардың мәлімдеуінше, Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, Ұлытау және Абай облыстары, Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болмақ. Ал Алматы, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарында қалың тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстары, Алматы облысының таулы аймақтары көктайғақ болады.