2026 жылғы жаңа маусымды боксшыларымыз Азия чемпионатынан бастайды.
Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына АҚШ-та дайындалатын болды
www.istockphoto.com
103
оқылды

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты АҚШ-та өтетінін айтты,   деп хабарлайды Aikyn.kz.

— Биыл АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында оқу-жаттығу жиындары өтті. Оған ұлттық құрамадан төрт боксшы қатысып, бір жарым ай бойы Астанада өткен әлем кубогына дайындалды. Алдағы уақытта мұндай жиындар Америкада жүйелі түрде ұйымдастырылады. Өйткені 2028 жылы Олимпиада ойындары дәл сол жерде өтеді. Сондықтан спортшыларымызды сол жаққа жіберуді жоспарлап отырмыз, — деді Мерей Ақшалов.

Айта кетейік, Лос-Анджелес қаласындағы 2028 жылғы Олимпиада ойындары 1430 шілде аралығында өтеді. Ал Олимпиада аясындағы бокс жарыстарын Геннадий Головкин жетекшілік ететін World Boxing ұйымы ұйымдастырады.