Қаланың қарбалас тіршілігінде бұл тосын концерт күнделікті күйбеңнен бір сәтке алыстатып, Жаңа жылдың жақындағанын сезінуге мүмкіндік берді.
Ұлттық ұлан сарбаздары елордалықтарға музыкалық сый жасады
баспасөз орталығы
96
оқылды

Жаңа жыл қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше музыкалық сый жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚР ІІМ ҰҰ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілердің айтуынша, олардың басты мақсаты  адамдарды қуантып, шынайы әрі жылы эмоциялардан туындайтын мерекелік көңіл күйді бірнеше минутқа болса да сыйлау.

Сауда орталығы қонақтары үшін күтпеген сәтте әскери киімдегі ұландықтар көпшілікке сүйікті жаңажылдық әуендерді орындады. Мерекелік перформансқа ІІМ Ұлттық ұланының ерлер хоры мен Үлгілі-көрсетімді оркестрі қатысып, Jingle Bells және қазақ тіліндегі Happy New Year секілді танымал композицияларды шырқады. 

Музыкалық қойылым небәрі бірнеше минутқа ғана созылғанымен, бұл уақыт адамдарға шынайы эмоция мен мерекелік көңіл күй сыйлауға жеткілікті болды. Сауда орталығының келушілері бір сәтке аялдап, болған сәтті телефонға түсіріп, әскери қызметшілерге ду қол шапалақпен алғыстарын білдірді.