Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.
ҰБТ форматы өзгеруі мүмкін: енді америкалық компаниямен жұмыс істемек
www.istockphoto.com
97
оқылды

 

2027 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы ілкі жоба ретінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Сенатта БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Вице-министрдің айтуынша, америкалық компаниямен келіссөз жүргізілді.

– Америкалық компаниямен енді жұмыс істей бастаймыз. Бастапқы кезең процесі  келіссөздер, меморандум жасасу болды. Бұл бір күннің не бір жылдың жұмысы емес екені түсінікті. Ол барынша ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, осыған орай, 2026  жылы ҰБТ-ның форматы да, мазмұны да өзгермейді,  деді ол. 

ҰБТ форматының өзгеруі 2027 жылдан бастап кезең-кезеңмен қолға алынуы мүмкін.  

– Әрине, бұл мәселелердің бәрі қоғамға, балалар мен талапкерлерге міндетті түрде жеткізіледі. Сарапшылар тобы құрылып, оның құрамына ғалымдар, пән мұғалімдері кіреді. Сондықтан сұрақтар жан-жақты талқыланып, сараптамадан өтеді. Соған кейін ғана қолдануға жіберіледі,  деді Гүлзат Көбенова.