1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райы күрт бұзылып, Абай және Шығыс Қазақстан облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
86
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 25 желтоқсан сағат 22:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады: 

Абай облысы: 

- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автомобиль жолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесі Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасы дейін); 

Шығыс Қазақстан облысы: 

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автомобиль жолының 1013-1062 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін); 

Жолды 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.