14 жастағы қазақстандық Ахмади Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) нұсқасы бойынша «Жылдың шетелдік ойыншы» (Еуропа елдерінен тыс) марапатына ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2025 жылы қазақстандық теннисші жоғары нәтижелер көрсетіп, маусым қорытындысы бойынша 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропалық теннис қауымдастығы рейтингінде 24-орынға тұрақтады.
Қазақстан Теннис федерациясы мәліметінше, осы маусымда Ахмади жекелей сында Стокгольмде өткен беделді Король кубогінің «Супер» санатындағы турнирінде бір титул жеңіп алды. Сонымен қатар жұптық сайыста «Авеню кубогы», «Тим Эссон» және «Брселав Оупен» турнирлерінде үш рет топ жарды. Бұдан бөлек, ол Tennis Europe сериясындағы бір турнирде жекелей сында финалға дейін жетті.
Ахмади Маханов - Ақтөбе теннис мектебінің түлегі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.