Астанада 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
"Боран, аяз, жаңбыр": 26 желтоқсанға ауа райы болжамы
www.istockphoto.com
259
оқылды

Еліміздің 16 облысында 26 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда және Қонаевта 26 желтоқсанда күндіз жолдарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың шығысында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Жезқазғанда 26 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Семейде 26 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. 

Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Шымкентте 26 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. 

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі. Оралда 26 желтоқсанда күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, облыстың батысына, солтүстігіне, шығысына қалың қар түседі. Өскеменде 26 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. 

26 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады.  Ақтауда 26 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Қызылордада 26 желтоқсанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. 

Түнде Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады деп күтіледі.