Сот оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.
«Сейфті бұзып алған»: мектептен автомат пен екі мылтықты ұрлаған азамат жауапқа тартылды
www.istockphoto.com
122
оқылды

Мектептің мүлкін ұрлаған Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл бас бостандығын шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aykin.kz сайты Almaty.tv телеарнасы сілтеме жасап.

Олардың хабарлауынша, қылмыс 2024 жылы Бұланды ауданының Макинск қаласында болған. Мектепке жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған мылтықтарды қолды қылған. Күдікті кінәсін толық мойындады.

"Күдікті сейфтің есігін бұзып, оқу-жаттығуға арналған Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтықты қолды қылған. Жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеден асады", – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Сот оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.