Бұған дейін елордадағы «Бәйтерек» монументі маңындағы дәмханалардың бірінде де өрт шығып, оның салдарынан бірнеше тұрғын үйге зақым келген еді.
Астананың орталық көшесіндегі дәмханадан өрт шықты
164
оқылды

Астанадағы Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан дәмханадан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, Degirmen дәмханасының шатыры отқа оранған. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт дәмхананың сыртқы қаптамасы мен желдеткіш жүйесінен басталғанын хабарлады. Құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде оқшаулап, өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді.

 

Айта кеткен жөн, бұған дейін елордадағы «Бәйтерек» монументі маңындағы дәмханалардың бірінде де өрт шығып, оның салдарынан бірнеше тұрғын үйге зақым келген еді.