2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі.
Әлия Юсупова Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды
Фото: instagram.com/aliya_yussupova15
172
оқылды

Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы Әлия Юсупова Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл атақ спорт саласын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін берілген.

«2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Сондықтан жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға, олардың қажырлы қызметін құрметтеуге және мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесін қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, экономика мен қоғамның дамуына сіңірген еңбегі үшін әртүрлі салаларда адал қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға наградалар табыс еттім. Сонымен қатар спорт саласын дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Әлия Юсуповаға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағын табыстадым», - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.