Ол кешке түгелдей қара түсті киіммен келген.
«Қазақта қара жамылмаған!»: Абай Бегейдің әйелі сынға қалды
193
оқылды

Танымал әнші Абай Бегейдің екінші жары Фариза концертке киіп келген киімі үшін әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол кешке түгелдей қара түсті киіммен келген.

Әрине, әйелді қолдап пікір жазып жатқандар өте көп. Бірақ орамал таққан келіншектің бұл образы көпшіліктің көңілінен шықпай, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазыла бастады.

Кейбір оқырмандар қара түсті киімді қазақы таным-түсінікпен байланыстырып, сын айтқан. 

«Қара жамылып алғаны дұрыс емес, қазақта қара киімді күйеуі қайтыс болған адамға қатысты айтады», «Қап-қара киімі болмаса, бәрі жақсы», «Неге қара орамал таққан?», «Аппақ киім кисе жарасымды болар еді», «Қара жамылып келгені несі?», – деп жазды желі қолданушылары.