Түркиялық скаут Али Эмре оның әлеуетін жоғары бағалап, «Фенербахче» командасындағы Ифран Джан Эгрибаяттың орнын басуға әбден лайық екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Егер Ифран Джан Эгрибаят командадан кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков басады. Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы үздік үш қақпашының бірі саналады. «Қайрат» сапындағы матчтарда өзін керемет көрсетті, ал Бельгияға қарсы ойында ірі есеппен жеңілістен сақтап қалды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оның бағасы 10-15 миллион еуроға жетер еді, – деп жазды Эмре өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.