Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің «Ахмат» футбол клубына ауысты. Бұл жайлы спорт комменататоры Ермұхамед Мәулен өз телеграм каналында жазды.
Тараз футбол мектебінің түлегі Ғалымжан Кенжебек Ресейдегі “Ахмат” командасына ауысты. Енді ол Станислав Черчесов баптайтын клубта өнер көрсететін болады. Айта кетуіміз керек, бұл командада Максим Самародов та ойнайды. Енді Шешенстанның командасында жақын арада екі қазақстандық ойыншы болады деген сөз, - деп жазды журналист