Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасының 8 мүшесі табиғи газдан уланды, – деп хабарлайды Aykin.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды. Олардың болжамынша, улану себебі – түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы.
– Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазір зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, – делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, газ жабдықтарын уақытылы тексертіп, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауға және үй ішіндегі газ жабдықтарын тексеріп тұруды ескертті.