Жыл соңында бірегей шотта қалған МӘМС қаражаттары келесі жылға ауысып, жылдың басында медициналық ұйымдарға алдын ала төлем ретінде жіберіледі.
Жыл бойы медициналық қызметке жүгінбесе, МӘМС жарналары қайда түседі?
96
оқылды

Алматы облыстық Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы  МӘМС жарналарының қайда түсетіні және медициналық қызметтерді пайдаланбаған жағдайда олармен не болатыны жөнінде түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қордың хабарлауынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі ынтымақтасқан сипатта болып, жеке жинақ шоттарын қарастырмайды.

"Барлық жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі бірегей арнайы шотқа түседі. Сол шоттан олар әр ай сайын МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсеткен ұйымдарға төленеді. Яғни, қаражат негізінен МӘМС бойынша емделген науқастар үшін пайдаланылады. Бұл әр азаматтың медициналық көмек алу көлемін шектемей қамтамасыз ету үшін жасалған, себебі кейбір медициналық қызметтердің құны бірнеше жүз мыңнан миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Мұндай қызметті жеке жарналар есебінен төлеу мүмкін емес, өйткені жылдық ең жоғары жарна көлемі 204 000 теңгеден аспайды", – деп түсіндірді филиал өкілдері.

МӘМС-тің ынтымақтасқан жүйесі – азаматтарға қор қаражатын дәрі-дәрмек немесе басқа қажеттіліктерге пайдалануға берілмейтін себептердің бірі. Алайда болашақта амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрілер үшін қосымша төлем енгізу жоспарланып отыр.