Медициналық кешенді жарақтандыру қолданыстағы стандарттарға сәйкес заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жүзеге асырылады.
"630 орынды": халық игілігі үшін Көкшетауда көпбейінді аурухана салынып жатыр
www.istockphoto.com
86
оқылды

Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды және жүйелі инфрақұрылымдық жобалардың бірі –  Көкшетаудағы 630 төсектік жаңа көпбейінді аурухана. Оның құрылысы 2024 жылдың қазан айында басталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Нысанның құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және Ақмола облысы мен бүкіл Солтүстік макроөңір үшін стратегиялық маңызы бар. Осы жылдар ішінде өңірдегі стационарлық медициналық көмек шашыраңқы және моральдық тұрғыдан ескірген инфрақұрылым жағдайында көрсетілді. 

Көкшетаудағы жаңа аурухана қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған. Жоба қабылдау-диагностикалық қызметтерді, шұғыл медициналық көмекті, хирургиялық және терапиялық бөлімшелерді, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту қызметтерін бір кеңістікте біріктіретін бірыңғай заманауи медициналық кешен ретінде іске асырылуда.

Жаңа аурухананы пайдалануға беру жергілікті жерде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге, сондай-ақ пациенттердің басқа өңірлерге мәжбүрлі жолдамаларын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Жоба маңызды кадрлық мәнге ие. Заманауи, технологиялық жұмыс ортасын құру – өңірде білікті медицина мамандарын тарту мен бекітудің негізгі факторларының бірі. Көкшетауда 630 төсектік көпбейінді аурухана салу – бұл жаңа нысан салу ғана емес, еліміздің денсаулық сақтау саласын жаңғырту жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.