Қорытынды есепте қарағандылықтар алға шықты.
Үстел теннисі: Қазақстандағы ашық командалық чемпионаттың жеңімпазы анықталды
88
оқылды

Қарағандыдағы Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстанның ашық командалық чемпионаты (Суперлига) өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төрт турдың қорытындысы бойынша турнир кестесі төмендегідей:

1-орын - «Қарағанды-1»

2-орын - УГМК (Свердлов облысы, Ресей)

3-орын - Altay Pro (Өскемен)

4-орын - «Шымкент»

5-орын - Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі (Алматы)

6-орын - Mining Cluster (Масанчи)

7-орын — «Хван Ман Гым» (Ташкент облысы, Өзбекстан)

8-орын - Altay (Өскемен)

9-орын - «Андижан» (Өзбекстан)

10-орын - «Ертіс» (Павлодар)

11-орын - Allur (Қостанай)

12-орын - «Астана»

Алексей Жуков (Altay Pro) турнирдің ең үздік ойыншысы атанды.