Әртүрлі танымал адамдардың киіміне шолу жасайтын сән блогері Жансая Әміршәріпқызы Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзовтің бір күндік образы қанша тұратынын есептеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Блогердің айтуынша, Тұрсын Алагөзовтің бір образының жалпы бағасы 131 миллион теңгеге жетеді.
Фэшн-блогер кәсіпкердің брендтік заттарын жеке-жеке есептеп, олардың құнын айтты. Оның есебінше:
Аяқкиім (Bottega Veneta) – 515 мың теңге;
Сөмке (Bottega Veneta) – 3 млн теңге;
Алқа (Prada) – 461 мың теңге;
Көзілдірік – 514 мың теңге;
Қол сағат (Hublot) – 111 млн теңге;
Футболка (Cristian Dior)- 473 мың теңге;
Күртеше (Louis Vuitton) – 13 млн теңге.
Желі қолданушылары кәсіпкердің образына таңғалып жатса, енді бірі сынға алды.
"Сүрген соң өмірді осылай сүру керек", Әр қазаққа осылай киініп жүру бұйырсын", "Бір футболкасының бағасына 4 мезгіл киініп аласың ғой", "Тұрсынғали мырза жап-жас, сәнді ер азамат", "Ақша бар, талғам жоқ", "5 үй саласың ғой мына ақшаға", – деп жазды оқырмандар.